Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
🌟 Сізден үйренгенім – өмірлік азық 🌟
04
октябрь
2025
🌟 Сізден үйренгенім – өмірлік азық 🌟
Мектебімізде үйірме жетекшілерінің ұйымдастыруымен ұстаздарға арналған мерекелік іс-шара өтті. Шара барысында ұстаздарымыз марапатталып, жылы сөздер мен алғысқа бөленді. Көңілді концерттік бағдарлама көрермендерге тамаша көңіл күй сыйлады. 🎶💐[media=https://www.instagram.com/p/DPYx0YaCEXr] Білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек еткен әр ұстазға – шексіз алғыс! ✨
🌸 Құрмет жолы – ұстаздарға арналған ілтипат! 🌸
04
октябрь
2025
🌸 Құрмет жолы – ұстаздарға арналған ілтипат! 🌸
Мектебімізде «Құрмет жолы» ұйымдастырылып, оқушылар ұстаздарын ерекше ілтипатпен қарсы алды. Жылы сөздер мен шат күлкіге толы бұл сәттер ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, күннің нағыз мерекеге айналуына себеп болды. 💐 Ұстазға деген құрмет – мәңгілік құндылық! ✨ [media=https://www.instagram.com/p/DPYfVnoiBr2]
Құттықтау видеороликтері түсірілуде 🎬
04
октябрь
2025
Құттықтау видеороликтері түсірілуде 🎬
«Ұстазға алғыс» апталығы аясында оқушылар ұстаздарына арналған құттықтау видеороликтерін дайындауда. Әрбір бейнежазбада шәкірттердің шынайы алғысы мен жылы тілектері көрініс табуда. Ұстазға деген алғыс — жүректен шыққан ең асыл сезім. 💐 [media=https://www.instagram.com/p/DPYd6ybiCZn/?img_index=3]
✨ Ұстаз еңбегіне – құрмет! ✨
03
октябрь
2025
✨ Ұстаз еңбегіне – құрмет! ✨
Ұстаздар мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы мектебіміздің басшысы Жанар Жорақызын арнайы Алғыс хатпен марапаттады. Бұл марапат – ұлағатты ұстазымыздың талмай еткен еңбегіне, шәкірт тәрбиесіне қосқан зор үлесіне берілген жоғары баға. Жанар Жорақызы әріптестеріне – үлгі, шәкірттеріне – қамқоршы, білім ошағымыздың өркендеуіне бағыт-бағдар беріп келе жатқан абыройлы басшы. 🌺 Біз Жанар Жорақызын шын жүректен құттықтап, жаңа жетістіктер мен
🌿 Қалдырған ізің мәңгілік 🌿
03
октябрь
2025
🌿 Қалдырған ізің мәңгілік 🌿
Ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан ардагер ұстаздарымызға құрмет көрсету – біз үшін үлкен мәртебе. Осы мақсатта оқушыларымыз ардагер ұстазымыз Антонина Владимировнаға барып, ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар мектебіміздегі ардагер ұстаздарды да арнайы құттықтап, алғыс пен ілтипаттарын жеткізді. Әр шәкірт жүрегінде өшпес із қалдырған ұстаз еңбегі – мәңгілік! ✨ [media=https://www.instagram.com/p/DPWtAXfiPnj]
🌟 Ұстазға алғыс – шәкірт жүрегінен 🌟
02
октябрь
2025
🌟 Ұстазға алғыс – шәкірт жүрегінен 🌟
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен елімізде ұйымдастырылған “Ұстазға алғыс” апталығы аясында мектебіміздің ұлағатты ұстазы, білікті басшы Қыдырбекова Жанар Сиязбековна ерекше марапатқа ие болды. Кезінде білім нәрін құйып, бағыт-бағдар берген шәкірті Шадырова Айжан Батырбекқызы бүгінде Оқу-ағарту министрлігінде абыройлы қызмет атқарып жүр. Шәкіртінің жүрекжарды алғысының белгісі ретінде Жанар Сиязбековна арнайы Астана қаласына барып, Министрліктен Алғыс хатпен
🌹 Қалдырған ізің мәңгілік… 🌹
01
октябрь
2025
🌹 Қалдырған ізің мәңгілік… 🌹
Ұстаз — ұрпақ жадында өшпес із қалдыратын мәңгілік тұлға. Осы тақырып аясында мектебімізден зейнеткерлікке шыққан ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіліп, құттықтау бейнеролигі түсірілді. Бұл игі шара – саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған ардақты ұстаздарымызға деген шынайы алғыс пен ыстық ықыластың белгісі. ✨ Ұстаз еңбегі — мәңгілік, шәкірт жүрегіндегі ізі — өлмес өнеге! 🌟 [media=https://www.instagram.com/p/DPRJqP_CADY/?img_index=1]
Президент алдағы Ұстаздар күнімен құттықтады
01
октябрь
2025
Президент алдағы Ұстаздар күнімен құттықтады
🟦Мемлекет басшысы мұғалімдердің кәсіби мерекесі елімізде ерекше аталып өтетінін жеткізіп, ұстаздар қауымына зор құрмет көрсетілетінін айтты. – Міржақып Дулатұлы «Халыққа ең пайдалы адам – мұғалім» деген. Мұғалім – әр азамат үшін өте қадірлі тұлға. Басқа сөзбен айтқанда, мұғалім – әрбір балаға өмір жолын көрсетеді. Ұстаз – тәлім-тәрбие мен білімнің қайнар көзі. Кез келген қоғамның кемелдігі, өркениеттілігі ұстазға деген қатынасымен өлшенеді. Ұстазын ұлықтаған елдің ұрпағы саналы, болашағы жарқын
Ұстазға деген шексіз құрмет
30
сентябрь
2025
Ұстазға деген шексіз құрмет
Мектебіміздің абыройын асқақтатып, ұжымға әрдайым бағыт-бағдар беріп жүрген қадірлі басшымыз, директорымыз Тойлыбаева Жанар Жорақызы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының Алғыс хатымен марапатталды. Бұл марапат – Сіздің көшбасшылық қабілетіңіздің, жаңашылдығыңыз бен ұстаздық жолға деген адалдығыңыздың, ұрпақ болашағына деген жанашырлығыңыздың жемісі. Әр ісіңізде парасаттылық пен ізгілік көрініп, шәкірт пен ұстаз жүрегінен орын тапқаныңыз – ұжымыңыз үшін үлкен
✨ Ұстазым – ең керемет адам! ✨
30
сентябрь
2025
✨ Ұстазым – ең керемет адам! ✨
Мектебімізде осы атаумен ерекше челлендж өтті. Оқушылар жүрек жарды сөздерімен, өлеңдерімен, бейнеқұттықтауларымен ұстаздарына деген ыстық ықыласын білдірді. Бұл челлендж – шәкірт пен ұстаз арасындағы мызғымас байланысты, құрмет пен алғысты айқындай түсті. 🌺 Ұстазға деген сүйіспеншілік – әр баланың жүрегінде мәңгілік![media=https://www.instagram.com/p/DPO-Dw7CISU/?img_index=1]