Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
май
2025

Сүйінші!


№23 мектептің 6 «А» сынып оқушысы Нұрлыхан Әлімхан Алматы қаласындағы Жәутіков атындағы Республикалық физика-математика мектебіне қабылданды. Еліміздің ең үздік мектептерінің бірі – РФМШ-ның мемлекеттік грант иегері атану – үлкен жетістік әрі ол 150 мүмкін баллдың 133 балын жинап, 1960 үміткер ішінен 19-шы орынды иеленіп отыр. Нұрлыхан бұдан басқа да БИЛ мен НЗМ мектептеріне де түскен, ол Республикалық физика-математикалық мектебін таңдады. Осы орайда Нұрлыханға білім берген барша ұстаздарына, сынып жетекшісі Долгополова Оксана Михайловнаға, математика пәні мұғалімі Цой Наталья Аркадьевнаға рахмет айтамыз. Ата-анасына және ерекше алғысымызды атасы Батырханов Тілектес Тіленовичке білдіреміз.
Нұрлыханның жолы ашық, жетістіктері мол болсын! [media=https://www.instagram.com/p/DKMDjVnoR-A/?img_index=1]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив