Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
март
2025

Қайырымдылық – жүректен! ✨



Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған “Наурызнама” онкүндігі аясында мектебімізде “Қайырымдылық пен мейірімділік” күніне арналған ерекше акция өтті.

Қайырымдылық – ізгіліктің айнасы. Бұл күні оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар бірлесе отырып, балаларды Наурыз мерекесімен құттықтау үшін кеңсе тауарларын жинау акциясын ұйымдастырды. Жиналған қалам, дәптер, бояу, түрлі-түсті қарындаштар мен басқа да оқу құралдары балалардың білім алуына септігін тигізеді.

Бұл шара – тек материалдық көмек қана емес, жақсылықты бөлісу, жүректен шыққан жылулық пен мейірімділіктің көрінісі. Осындай игі істер қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастырып, адамдардың бір-біріне деген жанашырлығын арттырады. [media=https://www.instagram.com/p/DHZ_LwrIA3A/?img_index=1]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив