15
март
2025
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында, нақтырақ айтсақ, Көрісу күні мерекесінде №23 мектеп-лицейінің бір топ оқушылары мен мектеп Парламентінің мүшелерімен бірге

Мақсатымыз – көңілі қаяу қарттарымызға жақсы көңіл күй сыйлау, олардың баталарын алу, оқушылардың бойына ұлттық құндылықтар, адамгершілік, рухани құндылықтар сіңіру.
Көрісу күні айналадағыларға жылу сыйлап, амандасып, ақжарма тілектерімізді арнап, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің, бұрынғы ренішті ұмытып, адамдарды жақындастырудың қаншалықты маңызды екенін оқушыларымыз сезінді.
Біздің бір байқағанымыз, онда жайлы өмір үшін барлық жағдай жасалған екен. Мекеме директоры Нуржанова Венера Чингизовна мен ол басқарып отырған ұжымның қарттардың жағдайын жасап, көңілдеріне қарап отырғаны олардың жайдары жүзінен көрініп тұрды.
Қарттар – біздің қазынамыз, осындағы әрбір қарттың сан түрлі тағдыры бар. Біз олардың дендеріне саулық, бастарына амандық тілейміз. Еліміз аман, заманымыз тыныш болып, әлі талай жақсылықтар көрулеріне тілектеспіз! [media=https://www.instagram.com/p/DHNPnd1IWBh/]
[media=https://www.instagram.com/p/DHN6sHfIX5w/]