17
март
2025
Шаңырақ – ұлттың ұйытқысы, бата – ұрпақтың қазынасы!

Наурызнама онкүндігі аясында “Шаңырақ күні” қарсаңында мектебімізде ата-әжелер мен немерелердің бата алу челленджі ұйымдастырылды. Бұл игі шара – ұрпақ сабақтастығын нығайтып, отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған.
Бата – ақ тілек, өмірлік бағдар, рухани күш!
Бабаларымыздан жеткен қасиетті дәстүрдің бірі – бата беру. Бата арқылы үлкендер кейінгі ұрпаққа ізгі тілек арнап, ақ жол тілеген. Ал немерелер ата-әжелерінің алдында қол жайып, ізет көрсетіп, бата алу арқылы ұлттық тәрбиенің мәнін түсінеді.
Бұл челлендж – отбасы құндылықтарының, үлкенге құрмет пен кішіге ізеттің айқын көрінісі. Ұлттық тәрбиеге негізделген осындай шаралар ұрпақтың бойына салт-дәстүрді сіңіріп, халқымыздың асыл мұрасын жалғастыруға септігін тигізеді.
✨ Шаңырағымыз биік, ұрпағымыз берекелі болсын! ✨
[media=https://www.instagram.com/p/DHTpVlBIPz2/?img_index=1]