Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(8752) 56-31-58
(8752) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы

Қош келдіңіздер!

Толығымен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
14 маусым күні Nº23 мектеп-лицейінде бітіруші түлектерге аттестат тапсыру салтанатты жиыны ұйымдастырылды.
15
июнь
2024
14 маусым күні Nº23 мектеп-лицейінде бітіруші түлектерге аттестат
Биыл, алтын ұя білім ордамызды аяқтап отырған 11 сынып оқушыларының жалпы саны 233. Оның ішінде 3 оқушы «Алтын белгі» ал, 4 оқушы «Үздік аттестат» иегерлері. Лицейдің ішкі алаңшасында өткен маңызды шараға 11-ші сынып түлектері, ата-аналар және ұстаздар қатысты. Салтанатты жиында мектеп директоры - Жанар Жорақызы, түлектерді атестат алумен құттықтап, алдағы ҰБТ-да жоғары бал алуына, қалаған мамандық иелері болуларына, өмірде мақсаттарына жетуіне және өз орындарын табуына тілектестігін білдірді.
ЛИЦЕЙ ТҮЛЕГІ НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ АТАНДЫ
13
июнь
2024
ЛИЦЕЙ ТҮЛЕГІ НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ АТАНДЫ
№ 23 мектеп-лицейінің түлегі Сабит Қуатбеков Назарбаев Университетінің студенті атанды. Мектеп қабырғасында өзінің жан-жақты білімімен ерекшеленген оқушымыз осылайша бірегей ЖОО-нің грант иегері атанды. Nazarbayev University - Қазақстандағы ғана емес, әлемдегі жетекші университеттердің бірі. Мұндай университетте білім алу – білімді жастар үшін мақтаныш қана емес, үлкен жауапкершілік. Әрі ғылым жолы – қиын жол. Әйтсе де қызыққа, жаңалыққа толы. Бір биікке жетсең, алдыңда тағы бір шың тұрады.
Биыл қазақ археологиясының атасы атанған Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл.
08
июнь
2024
Биыл қазақ археологиясының атасы атанған Әлкей Марғұланның туғанына
Биыл қазақ археологиясының атасы атанған Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл. Ол тек ұлттық археология мектебінің негізін қалаумен шектелген жоқ. Сонымен қатар тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, шығыстанушы, өнертанушы болды. Тіпті сәулет өнерін де зерттеді. Ғылымның сан саласын меңгеріп, артына өшпес мұра қалдырды. А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында «Елін, жерін танытқан ерен Ер» атты танымдық кеш өтті. “Оқуға құштар” мектеп жобасы аясында өткен іс-шараға № 23 мектеп-лицейінің
Қымбатты қазақстандықтар!
04
июнь
2024
Қымбатты қазақстандықтар!
🇰🇿4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Әнұранымыз, елтаңба мен көк байрағымыз – елдік пен егемендігіміздің айнасы. Тәуелсіздік пен бостандықтың қастерлі нышанына айналған рәміздеріміз айбынымызды асырып, ұлттық рухымызды мәңгі аспандата берсін. 1992 жылдың дәл осы күні Тәуелсіз қазақ елінің мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Ал 2007 жылдың 4 маусымынан бастап қазақстандықтар бұл күнді Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекелей бастады. Мемлекеттік рәміздер – қазақ
1-маусым балаларды қорғау күніне орай “Алтын балалық шақ” декадасының жоспарына сәйкес “Отбасы аясында” тақырыбында фото сурет байқауы өтті.
03
июнь
2024
1-маусым балаларды қорғау күніне орай “Алтын балалық шақ” декадасының
Бүгінгі тіршілік қуған қым-қуыт заманда көптеген құндылықтарымыз тасада қалып жатыр. Соның бірі бауыр еті баламызға сапалы уақыт бөлу екені жасырын емес. Мамандардың айтуынша, балада дұрыс тәрбие қалыптасуы үшін әсіресе бес жасқа дейін көңіл бөлудің орны ерекше. Өзім көпбалалы ана болғандықтан, әр балама мейлінше уақыт бөлуге тырысамын. Осы тұста баламен өткізген уақыттың ұзақтығы емес, сапасы маңызды екенін айтқым келеді. Себебі таңнан кешке дейін бала жанымызда жүре беруі мүмкін, ал барлық
3-4 июня в г. Шымкент проводятся командно-штабные учения «Жер-2024»
03
июнь
2024
3-4 июня в г. Шымкент проводятся командно-штабные учения «Жер-2024»
3-4 июня в г. Шымкент проводятся командно-штабные учения «Жер-2024». В рамках данных учений в 10.00 прозвучал сигнал тревоги «Внимание всем!» Из здания школы-лицея №23 были эвакуированы сотрудники и отдыхающие ребята пришкольного лагеря «Достық” . Далее на территории 3 корпуса был развернут СЭП №73 и проведены учебно-практические мероприятия. [media=https://www.instagram.com/p/C7vjAOlt8ax/] 
Алтын балалық шақ
03
июнь
2024
Алтын балалық шақ
‎«Алтын балалық шақ» декадасын өткізу тұжырымдамасы бойынша Халықаралық балаларды қорғау күніне №23 мектеп-лицейінде “Бақытты балалық шақ” мерекелік концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды. Мерекелік шара басында алғашқы құттықтау сөзді №23 мектеп-лицейінің директоры Ж.Жорақызы алып, барша кішкентай бүлдіршіндерді айтулы мерекелерімен құттықтай отырып, бақытты балалық шақ тілеп, шынайы лебізін білдірді. Іс-шарада өнерпаз оқушылардың мерекеге арнап дайындаған концерттік бағдарламасы паш етілді.
100 ҮЗДІК МЕКТЕП
01
июнь
2024
100 ҮЗДІК МЕКТЕП
2023-2024 оқу жылы өткізілген “жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың” қорытындысы бойынша мектептердің ресми рейтингісі жарияланды. Қазақстан Республикасының 100 үздік мектептің қатарында Шымкент қаласының №23 мектеп-лицейі 8 орынға жайғасты. Шымкент қалалық барша білім беру ұйымдарын- еліміздің тізгінін ұстап ұлт болашағына ұйытқы болар дарындылар қатарын көбейтуде бірігіп атсалысуға шақырамыз.
“Ата-анама хат”
28
май
2024
“Ата-анама хат”
“Менің анам әлемдегі ең керемет ана. Анамның көңіліне ешқашан қаяу түсіргім келмейді. Анамды ешқашан ашуландырғым да келмейді. Анам, әкем мен бауырларымды қатты жақсы көремін. Олар менің өмірімнің мәні”. Бұл жазбалар оқушылардың ата-анасына жазған хаттарынан үзінді. №23 мектеп-лицейінің оқушылары отбасы айлығына орай, өздерінің ата-анаға деген жүрек түбіндегі лебіздері мен құрметтерін хатпен жеткізді. [media=https://www.instagram.com/p/C7eeyfotIgy/?img_index=1]
Үйірме жұмысының жылдық есебі  Мектептегі үйірме жұмыстары — сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры.
25
май
2024
Үйірме жұмысының жылдық есебі Мектептегі үйірме жұмыстары — сыныптан
Үйірме жұмысының жылдық есебі Мектептегі үйірме жұмыстары — сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Үйірмелердің мақсаты - оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, шағармашылыққа баулу, қосымша білім беру. Мектеп оқушыларының түрлі үйірмелерге қатысуы — алғыр, батыл, өзін көпшілік алдында еркін ұстай алатын, өз ой-пікірін анық жеткізе алатын, өзіне сенімді, осынау өзгермелі заман ағымына жеңіл бейімделе алатын, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруда айырықша тиімді. №23 мектеп-лицейінде жалпы саны

Жаңалықтар топтамасы

Біздің ұжым