Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 78-17-17
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектебімізде «Жас қыран» ұйымына қабылдау салтанатты түрде өтті.
13
декабрь
2025
Мектебімізде «Жас қыран» ұйымына қабылдау салтанатты түрде өтті.
Бұл маңызды шараға мектептің белсенді, үлгілі, тәртіпті оқушылары қатысып, өздерінің білімге, еңбекке және Отанға деген сүйіспеншіліктерін танытты. Салтанатты қабылдау барысында оқушылар ант сөзін айтып, «Жас қыран» галстуктарын тақты. Шараның мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастыру, жауапкершілік пен тәртіпке баулу, мектеп өміріне белсене араласуға ынталандыру болды. «Жас қыран» қатарына қабылданған оқушыларымызға алдағы білім жолында биік шыңдар мен сәттілік тілейміз!
Мектебімізде өткен «Choco Day» шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар үшін ерекше көңіл күй сыйлады.
12
декабрь
2025
Мектебімізде өткен «Choco Day» шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып,
Бұл күннің басты мақсаты — оқушылар арасындағы достықты нығайту, бір-біріне жылы лебіз бен жағымды эмоция тарту ету болды. Оқушылар өз шоколадтарын достарына анонимді түрде табыстап, мерекелік атмосфера қалыптастырды. Шоколадтардың сыртына оқушының аты-жөні мен сыныбы жазылып, шара соңында барлық шоколадтар өз иелеріне табысталды. Шараны Мектеп Парламенті ұйымдастырды. Көңілді, жылы эмоцияға толы «Choco Day» күнінен оқушылар тамаша әсер алды. 🍫✨ [media=https://www.instagram.com/p/DSKJQNmCHEq/]
📌 Мектебімізде волейбол жарысы өтті
10
декабрь
2025
📌 Мектебімізде волейбол жарысы өтті
Мектептің өзін-өзі басқару ұйымының Спорт және мәдениет фракциясының бастамасымен қызықты әрі тартысты волейбол жарысы ұйымдастырылды. Жарысқа ұлдардан 3 команда, қыздардан 4 команда қатысып, өзара шеберліктерін көрсетіп, белсенді ойын өрнегін көрсетті. 🔹 Ұлдар арасындағы нәтиже: • I орын – 10 «З» сыныбы • II орын – 10 «И» сыныбы 🔹 Қыздар арасындағы нәтиже: • I орын – 10 және 9 сынып оқушыларынан құралған аралас команда • II орын – 7 және 6 сынып оқушыларынан құралған аралас команда • III орын
✨ Ағылшын апталығының әсерлі сәттері ✨
08
декабрь
2025
✨ Ағылшын апталығының әсерлі сәттері ✨
Мектебімізде ағылшын тіліне арналған танымдық әрі шығармашылық шаралар легі өтті. Апталық аясында оқушылардың қызығушылығын арттырып, тілдік дағдыларын дамытатын түрлі байқаулар мен сайыстар ұйымдастырылды. 🔹 Қазына іздеу сайысы – оқушылар логикалық ойлау мен топтық әрекеттесу дағдыларын көрсетті. 🔹 Ағылшынша караоке – еркін сөйлеу мен сахналық мәдениетті шыңдаған көңілді шара. 🔹 Пайдалы етістіктер көрмесі – оқушылар күнделікті қолданылатын лексиканы шығармашылықпен таныстырды. 🔹 Мұғалімдер
«Shymkent Fan Club» спорттық би байқауының жеңімпаздары анықталды
06
декабрь
2025
«Shymkent Fan Club» спорттық би байқауының жеңімпаздары анықталды
Жастарды белсенді өмір салтына баулу және еріктілік қызметін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Shymkent Fan Club» спорттық би байқауы өз мәресіне жетті. Жоба аясында қаланың 5 ауданынан іріктеу кезеңі өткізіліп, нәтижесінде 21 мектеп финалға жолдама алған болатын. Байқау жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға, ұйымшылдық пен көшбасшылық қасиеттерін арттыруға ықпал етіп, еріктілік құндылықтарын дәріптеуде маңызды рөл атқарды. Финалда қатысушылар заманауи әрі серпінді би қойылымдарын
👩‍⚕️ Қыз балалардың жеке гигиенасы туралы түсіндірме жұмыстары
04
декабрь
2025
👩‍⚕️ Қыз балалардың жеке гигиенасы туралы түсіндірме жұмыстары
7-сынып қыздарына арналған арнайы сабақ аясында медицина саласының мамандары қыз балалардың жеке гигиенасы, дұрыс күтім және денсаулық сақтау жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар өз денсаулығын сақтау, тазалық ережелерін сақтау және күнделікті өмірде гигиенаны дұрыс ұйымдастыру жөнінде маңызды ақпарат алды. Сабақ барысында сұрақ-жауап сессиясы өткізіліп, қыздар өздерін қызықтырған тақырыптарды нақтылап, мамандардан кеңес алды. Мұндай іс-шаралар оқушылардың денсаулығын
📌 Мектебімізде оқушылар арасында мектеп формасын насихаттау мақсатында челлендж ұйымдастырылды. 9 «Е» сынып бұл бастаманы қабыл алып, 9 «Ж» сыныбына жолдады.
04
декабрь
2025
📌 Мектебімізде оқушылар арасында мектеп формасын насихаттау
📌 Мектебімізде оқушылар арасында мектеп формасын насихаттау мақсатында челлендж ұйымдастырылды. 9 «Е» сынып бұл бастаманы қабыл алып, 9 «Ж» сыныбына жолдады. Ізгі бастама оқушылардың тәртіп пен ұқыптылықты сақтауға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған. [media=https://www.instagram.com/p/DR1vh_xiB3S/]
📚 Құқықтық сағат өткізілді
03
декабрь
2025
📚 Құқықтық сағат өткізілді
7-сынып оқушыларымен мектептің ішкі тәртіп ережесі, алаяқтық пен нашақорлықтың алдын алу мақсатында құқықтық сағат ұйымдастырылды. Оқушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы білумен қатар, қауіпті жағдайлардан қалай қорғануға болатынын талқылады. Тәрбиелік сағат барысында түрлі мысалдар келтіріліп, пікір алмасу мен ойын арқылы құқықтық сауаттарын арттыруға көңіл бөлінді. Бұл іс-шараның мақсаты – оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және құқықтық білімдерін жетілдіру.
Мектебімізде «Адам папилома вирусы туралы көбірек біліңіз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
02
декабрь
2025
Мектебімізде «Адам папилома вирусы туралы көбірек біліңіз»
Мектебімізде «Адам папилома вирусы туралы көбірек біліңіз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Тұран ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының Эпидемиология бөлімінің бас маманы Ш. Көкебаева, 13-қалалық емхананың ВОП дәрігері Ш. Хамитова, гинеколог дәрігер Ж. Зұлпиханова және психолог Ж. Жарыпбекова қатысты. Мамандар 5–7 сынып оқушылары мен ата-аналарына адам папилома вирусы, оның алдын алу шаралары, вакцинацияның маңызы және денсаулықты сақтаудағы жауапкершілік
Нашақорлыққа жол жоқ!» сурет байқауы өтті
02
декабрь
2025
Нашақорлыққа жол жоқ!» сурет байқауы өтті
Бүгін 6-сынып оқушылары арасында «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында сурет байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – балаларға салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру, зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу және өз ойларын өнер арқылы жеткізуге мүмкіндік беру. Оқушылар өз суреттері арқылы нашақорлықтың адам өміріне қауіпті екенін, ал дұрыс таңдау – денсаулық, спорт және жарқын болашақ екенін көрсете білді. Әр жұмыс өзіндік ойымен, түстер үйлесімімен және терең мағыналы жеткізілімімен ерекшеленді.