«№23 Космодемьянская атындағы мектеп-лицей» КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №23 имени З. Космодемьянской»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Версия для
слабовидящих

Қош келдіңіздер!

Подробнее

Последние новости

Все новости
23 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Б. Зулпиеваның ұйымдастыруымен 7 “Д” сынып оқушылары арасында қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, балалар әдебиетінің көрнекті жазушысы Сапарғали Бегалиннің туғанына 130
18
декабрь
2025
23 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Б.
«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты танымдық сабақ өтті. Сабақ барысында Сапарғали Бегалиннің шығармашылық жолы мен балалар әдебиетіне сіңірген еңбегі кеңінен насихатталды. Оқушылар жазушының шығармашылығы туралы мәлімет алып, балаларға арналған туындыларынан үзінділер оқыды. Белсенді оқушылар жазушы кейіпкерлерінің бейнесін сомдап, талдап, қызықты тапсырмалар орындап, шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, викториналық сұрақтарға жауап берді. С. Бегалин шығармалары балалықтың балғын иісі мен
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында
18
декабрь
2025
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында
Мектебімізде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында кітапханашы Тилепбаева П.Л. ұйымдастырған мазмұнды кітап көрмесі өтті. Көрмеде жоба аясында оқытылатын кітаптар тізімі ұсынылып, сондай-ақ QR-коды бар кітаптар қойылды. Бұл оқырмандарға кітаптарды заманауи форматта оқуға мүмкіндік береді. Жобаның негізгі мақсаты — оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, тұрақты оқу дағдысын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды сақтау және жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Мектебімізде «Жетістігімді еліме арнаймын» атты челлендж ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті.
17
декабрь
2025
Мектебімізде «Жетістігімді еліме арнаймын» атты челлендж
Челлендж барысында оқушылар өздерінің оқу, өнер, спорт және түрлі бағыттағы жетістіктерін ел дамуына қосылған үлес ретінде ұсынды. Шараның басты мақсаты — жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді нығайтып, өз жетістігі арқылы елге қызмет етуге ұмтылысын арттыру. Іс-шара оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығын көрсете отырып, олардың болашаққа деген сенімін нығайтты[media=https://www.instagram.com/p/DSWmoSjiFyF/]
Мектебімізде «Тәуелсіздіктің 35 жылы» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылып, мазмұнды түрде өтті.
17
декабрь
2025
Мектебімізде «Тәуелсіздіктің 35 жылы» тақырыбында сурет байқауы
Байқау барысында оқушылар Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін, ел бірлігі мен бейбіт өмірді өз қиялымен қағаз бетіне түсірді. Әрбір жұмысынан туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі айқын көрінді. Сурет байқауы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және отансүйгіштік рухты қалыптастыруға бағытталды. [media=https://www.instagram.com/p/DSXbmCbCJ_0/?img_index=1]
Мектебімізде 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
16
декабрь
2025
Мектебімізде 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік
Сынып сағаттары барысында оқушыларға Тәуелсіздіктің тарихи маңызы түсіндіріліп, елдік құндылықтар, отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілік туралы тағылымды ойлар айтылды. Танымдық әңгімелер, пікір алмасулар арқылы оқушылардың ел тарихына деген құрметі артты. Мұндай тәрбиелік шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыруға бағытталған.[media=https://www.instagram.com/p/DSVHgd8CK7m/?img_index=1]
Мақтанышпен құттықтаймыз!
15
декабрь
2025
Мақтанышпен құттықтаймыз!
Мектебіміздің АӘД мұғалімі Федоров Виктор Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізілген алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні қызметкерлері арасындағы пневматикалық винтовкамен ату бойынша республикалық турнирде 60+ жас ерекшелігі санатында І орынды иеленді. Бұл жетістік — табандылықтың, жоғары шеберліктің және спортқа деген адалдықтың айқын көрінісі. Жеңісіңіз құтты болсын, алдағы уақытта да биік белестерден көріне беруіңізге
Мектебімізде «Жас қыран» ұйымына қабылдау салтанатты түрде өтті.
13
декабрь
2025
Мектебімізде «Жас қыран» ұйымына қабылдау салтанатты түрде өтті.
Бұл маңызды шараға мектептің белсенді, үлгілі, тәртіпті оқушылары қатысып, өздерінің білімге, еңбекке және Отанға деген сүйіспеншіліктерін танытты. Салтанатты қабылдау барысында оқушылар ант сөзін айтып, «Жас қыран» галстуктарын тақты. Шараның мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастыру, жауапкершілік пен тәртіпке баулу, мектеп өміріне белсене араласуға ынталандыру болды. «Жас қыран» қатарына қабылданған оқушыларымызға алдағы білім жолында биік шыңдар мен сәттілік тілейміз!
Мектебімізде өткен «Choco Day» шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар үшін ерекше көңіл кдомсыйлады.
12
декабрь
2025
Мектебімізде өткен «Choco Day» шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып,
Бұл күннің басты мақсаты — оқушылар арасындағы достықты нығайту, бір-біріне жылы лебіз бен жағымды эмоция тарту ету болды. Оқушылар өз шоколадтарын достарына анонимді түрде табыстап, мерекелік атмосфера қалыптастырды. Шоколадтардың сыртына оқушының аты-жөні мен сыныбы жазылып, шара соңында барлық шоколадтар өз иелеріне табысталды. Шараны Мектеп Парламенті ұйымдастырды. Көңілді, жылы эмоцияға толы «Choco Day» күнінен оқушылар тамаша әсер алды. 🍫✨ [media=https://www.instagram.com/p/DSKJQNmCHEq/]
📌 Мектебімізде волейбол жарысы өтті
10
декабрь
2025
📌 Мектебімізде волейбол жарысы өтті
Мектептің өзін-өзі басқару ұйымының Спорт және мәдениет фракциясының бастамасымен қызықты әрі тартысты волейбол жарысы ұйымдастырылды. Жарысқа ұлдардан 3 команда, қыздардан 4 команда қатысып, өзара шеберліктерін көрсетіп, белсенді ойын өрнегін көрсетті. 🔹 Ұлдар арасындағы нәтиже: • I орын – 10 «З» сыныбы • II орын – 10 «И» сыныбы 🔹 Қыздар арасындағы нәтиже: • I орын – 10 және 9 сынып оқушыларынан құралған аралас команда • II орын – 7 және 6 сынып оқушыларынан құралған аралас команда • III орын
✨ Ағылшын апталығының әсерлі сәттері ✨
08
декабрь
2025
✨ Ағылшын апталығының әсерлі сәттері ✨
Мектебімізде ағылшын тіліне арналған танымдық әрі шығармашылық шаралар легі өтті. Апталық аясында оқушылардың қызығушылығын арттырып, тілдік дағдыларын дамытатын түрлі байқаулар мен сайыстар ұйымдастырылды. 🔹 Қазына іздеу сайысы – оқушылар логикалық ойлау мен топтық әрекеттесу дағдыларын көрсетті. 🔹 Ағылшынша караоке – еркін сөйлеу мен сахналық мәдениетті шыңдаған көңілді шара. 🔹 Пайдалы етістіктер көрмесі – оқушылар күнделікті қолданылатын лексиканы шығармашылықпен таныстырды. 🔹 Преподаватели

Лента новостей

Наш коллектив