19
июнь
2025
🎓 309 бітірушімізге аттестат табысталды.

18 маусым күні мектебімізде түлектеріміз үшін ерекше әрі есте қаларлық маңызды шара — аттестат тапсыру салтанатты жиыны өтті.
🎓 Биыл мектебімізден 309 түлек үлкен өмірге жолдама алып отыр. Олардың қатарында 9 оқушы «Алтын белгі» иегері атанса, 15 оқушы «Үздік аттестаттың» иесі болды. Бұл — оқушылардың тынымсыз еңбегінің және ұстаз бен ата-ананың қолдауының айғағы.
📌 Мектеп директоры Жанар Жорақызы түлектерді құттықтап, өмір жолында сәттілік, мақсаттарына жетіп, қоғамға пайдалы азамат болуларына тілектестік білдірді.
👨👩👧👦 Ата-аналар да жылы лебіздерін арнап, балаларға ақ жол, биік арман мен асқақ мақсат тіледі.
Ал түлектер ұстаздарына шынайы алғыстарын айтып, жүрекжарды тілектерін жеткізді.
🌿 Бұл шара әр түлектің өмірінде ұмытылмас естелік болып, жарқын болашаққа бастар жолдың символына айналды.