Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
март
2025

Ұлттық киім – рухани мұрамыз!

Наурызнама онкүндігі аясында мектебімізде Ұлттық киім күні аталып өтті! Осы ерекше күнге орай Мектеп Парламенті ұлттық киімді дәріптейтін арнайы видеоролик дайындады.

Ұлттық киім – ата-бабамыздан қалған асыл мұра, халықтың мәдениеті мен болмысын айшықтайтын құндылық. Әр оюы мен өрнегі терең мағынаға ие шапан мен камзол, зерлі сәукеле мен тақия – ұлттың тарихын, дәстүрін дәріптейтін киелі дүниелер.

Осы күні оқушылар мен ұстаздар қазақы киім киіп, төл мәдениетіміздің құндылығын тағы бір мәрте паш етті. Ұлттық рухымызды асқақтатып, дәстүрімізді дәріптейік!

✨ Ұлттық киім – ұлттың айнасы! ✨[media=https://www.instagram.com/p/DHaq1jVo9YY/]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив