Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
март
2025

Қош келдің, Әз-Наурыз!


Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында өтіп жатқан “Наурызнама” онкүндігі аясында “Жыл басы” күні – 22 наурыз Ұлыстың ұлы күніне орай мектебімізде “Қош келдің, Әз-Наурыз!” атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, ырыс пен берекенің бастауы. Бұл күні мектебімізде қазақтың ұлттық дәстүрлері ұлықталып, рухани құндылықтар дәріптелді. Шара барысында қара жорға биі биленіп, бүлдіршіндердің тұсауы кесіліп, ақжарма тілектер айтылды. Дәстүрге сай наурыз көже таратылып, ән мен күй шалқып, көңілді би биленді.

Бұл мереке – ата-бабамыздан жеткен асыл мұраны дәріптеудің, ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртудың тамаша үлгісі. Берекелі Наурыз баршаға құт-береке, ынтымақ пен молшылық әкелсін![media=https://www.instagram.com/p/DHeF8r5ItDk/]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив