31
май
2025
♟ ШАХМАТТАН ШЕБЕРЛІК – ЗИЯТКЕРЛІК ЖЕҢІС 🧠🏅

Ақыл мен сабырдың алаңы – шахмат. Жаңа заманның жастарына тән зеректік пен терең ойлауды талап ететін бұл өнерде мектебіміздің оқушылары кезекті жеңісімен қуантты!
📍 “ЖАСТАР ЛИГАСЫ – 2025” аясында, 1 маусым – Балалар күнінде, Шымкент қаласының Орталық саябағында жеңімпаздарды марапаттады.
Өткен зияткерлік додада мектебіміз 93 мектептің ішінен суырылып шығып, III орынды иеленді! 🥉
Шахмат – төзімділік пен тәртіптің, зеректік пен жүйелі ойлаудың көрінісі.
Осы байрақты бәсекеде оқушыларымыздың тапқырлығы мен табандылығы, зияткерлік шеберлігі нәтижесінде жүлделі орынды қанжығалауы — мақтаныш!
🎁 Әр ойыншыға 30 000 теңге көлемінде арнайы марапат табысталып, жас ойшылдар лайықты құрметке ие болды.
♟ Жетекшілері – дене шынықтыру пәні мұғалімдері:
– Омаров Құрбан Тимурұлы
– Тагабек Асхат Тагабекұлы
Ұлылар “Ақыл — елдің арқауы” деген. Міне, біздің оқушылар – білім мен ақылдың биігінен көрінген ұрпақ.
Мектебіміздің мерейі – білімді де алғыр шәкірттерімізбен биіктей берсін! [media=https://www.instagram.com/p/DKXWIXWo3Kb/?img_index=1]