Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушылардың құқықтары мен міндеттері талқыланған танымдық кездесу
25
ноябрь
2024

Оқушылардың құқықтары мен міндеттері талқыланған танымдық кездесу


Тұран учаскесінің полиция қызметкерлері мен кітапхана қызметкерлері оқушылар үшін ерекше тәрбие сағатын өткізді. Кездесудің басты тақырыбы – балалардың құқықтары мен міндеттері, олардың қоғамдағы рөлі мен жауапкершілігі болды.

Полиция қызметкерлері оқушыларға 14 жасқа дейін ата-аналардың жауапты екенін, ал 14 жастан бастап әр бала өз әрекеттері үшін жауап беретінін түсіндірді. Қылмыс жасаған жағдайда балаларды түзету колониясына жіберу мүмкіндігі туралы айтылып, бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, Кентау қаласында осындай арнайы түзету орны бар екені жайлы ақпарат берілді.

Іс-шара барысында кітапхана өкілдері Бала құқықтары туралы конвенцияның негізгі ережелерімен бөлісті. Оқушылар өз құқықтары мен міндеттерін талдап, оларды ажыратуды үйренді.

Кездесуге 50-мектептің оқушылары және 23-мектептің оқушылары белсенді қатысып, өзара пікір алмасты.

Бұл тәрбие сағаты оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың болашақта саналы азамат болуына ықпал етті.[media=https://www.instagram.com/p/DC06T05IkAA/]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив