25
май
2026
Мектебімізде «Білімім — Отаныма» атты салтанатты іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл күн — шәкірттердің жүрегінде мәңгі сақталатын ерекше де қимас сәттердің бірі болды.
Мектебімізде «Білімім — Отаныма» атты салтанатты іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл күн — шәкірттердің жүрегінде мәңгі сақталатын ерекше де қимас сәттердің бірі болды.Биыл мектебіміз үшін мерейлі жыл болды. 266 түлек үлкен өмірге қанат қақты. Оның ішінде “Алтын белгі” - 7 оқушы, “Үздік аттестат” - 12 оқушы үміткер. Бұл — оқушылардың тынымсыз еңбегі мен ұстаздардың сапалы білім беру жолындағы қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Салтанатты іс-шараға арнайы қонақтар шақырылып, түлектерге жүрекжарды тілектерін арнады. Атап айтқанда, Шымкент қаласы прокуратурасының экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың сақталуын қадағалау тобының аға прокуроры Тастемир Болатбек Қуанышбекұлы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Махмутова Гүлсара, Шымкент қаласы білім басқармасының өкілі Асқар Бахтиярұлы және Top generation school компаниясы директорының орынбасары Шерім Ұлдана қатысты.
Мектеп қабырғасынан қанат қаққан барша түлектерге жарқын болашақ, биік белестер мен толағай табыстар тілейміз! [media=https://www.instagram.com/p/DYwhX1IIJfx/]