22
май
2026
Мектебімізде жасөспірімдер арасында құқықтық және психологиялық сауаттылықты арттыру мақсатында 7–8 сынып оқушыларына арналған тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

Мектебімізде жасөспірімдер арасында құқықтық және психологиялық сауаттылықты арттыру мақсатында 7–8 сынып оқушыларына арналған тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге прокурор Тастемир Болатбек Қуанышұлы қатысып, оқушылармен «Аддиктивті мінез-құлық және психобелсенді заттарды қолданудың зияны» тақырыбында ашық пікір алмасты. Сабақ барысында зиянды әдеттердің адам өміріне, денсаулығына және болашағына тигізетін кері әсері кеңінен түсіндіріліп, жасөспірімдердің қауіпсіз ортада саналы таңдау жасауының маңыздылығы айтылды.
Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, маңызды әрі пайдалы мәліметтер алды. Осындай мазмұнды кездесулер өскелең ұрпақтың жауапкершілігі жоғары, саналы тұлға болып қалыптасуына өз үлесін қосады.
[media=https://www.instagram.com/p/DYoT_7niJig/?img_index=1]