Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналар жиналысы: мектеп пен отбасының бірлесе отырып балаларды қолдауы.
26
ноябрь
2024

Ата-аналар жиналысы: мектеп пен отбасының бірлесе отырып балаларды қолдауы.



№23 мектеп-лицейінде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Іс-шара барысында ата-аналардың балаларының тәрбиесі мен білім алуындағы рөлін арттыру, мектеппен өзара қарым-қатынас орнату мәселелері қарастырылды.

Жиналысты мектеп директоры Ж.Ж.Тойлыбаева ашып, мектеп тәртібі ережелері мен оқушылардың жауапкершілігі жайында айтып өтті. Сонымен қатар, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының мамандары баланың мектептегі тәртібін бақылау, психологиялық қолдау және отбасының тәрбиелік ықпалы туралы баяндап, мектеп психологы Т.Д.Ануарқызы “Альфа ұрпақты қалай оқытып, тәрбиелейміз?” тақырыбында баяндама оқыды.

Көтерілген негізгі мәселелер:
• Баланы мейіріммен тәрбиелеудің маңыздылығы, оның бойында адалдық, мейірімділік, жауапкершілік, еңбекқорлық, өмірге құштарлық қасиеттерін қалыптастыру.
• Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі – үлгі көрсету, қолдау және сенім білдіру.
• Баланы тек ғана материалдық жағынан қамтамасыз етіп ғана қоймай, “жақсы сөз жан семіртеді” демекші жан дүниесінің бай болып, өз-өзіне көңілі толатын, өмірге құштар тұлға тәрбиелеу үшін, үнемі мақтап, жақсы көріп, жиі-жиі “айналайынды” айтып, мейіріммен, махаббатпен тәрбиелеу керек екендігі айтылды.

Бұл жиналыс ата-аналарға өз балаларының оқу мен тәрбиесіндегі белсенділігін арттырып, мектеп ұжымымен бірге жұмыс жасаудың маңыздылығын сезінуге мүмкіндік берді.
Мектеп пен отбасының бірлігі – жарқын болашақтың кепілі![media=https://www.instagram.com/p/DC1L4awomPZ/?img_index=1]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив