Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жеткіншектер арасындағы құқық бұзушылық: жауапкершілік пен тәрбие туралы кездесу
26
ноябрь
2024

Жеткіншектер арасындағы құқық бұзушылық: жауапкершілік пен тәрбие туралы кездесу



Мектебімізде 5-7 сынып оқушыларының ұл балалары үшін “Жеткіншектер арасындағы құқық бұзушылық” тақырыбында танымдық кездесу өтті. Шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.К.Абдукаримов жүргізді.

Кездесу барысында ұлдардың тәртібі мен тәрбиесі, олардың күнделікті өмірде өздерін дұрыс ұстауының маңыздылығы талқыланды. Жеткіншек жастағы балалардың мінез-құлық ерекшеліктері, олардың жауапкершілік сезімін қалыптастыру жолдары, сондай-ақ қоғам алдындағы міндеттері туралы нақты әрі әсерлі әңгімелер айтылды.

Н.К.Абдукаримов оқушыларға ақыл-кеңестер беріп, заң бұзушылық әрекеттердің салдары туралы түсіндірді. Ол ұлдардың шынайы азамат болып қалыптасуы үшін білімнің, тәртіптің, сондай-ақ, өзара сыйластық пен адалдықтың маңызын ерекше атап өтті.

Бұл кездесу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың өзін-өзі дұрыс тәрбиелеуіне бағытталған маңызды қадам болды. Әр бала – болашақтың тірегі. Сол себепті, олардың жүрегіне жауапкершілік пен тәртіп ұрығын себу – бәріміздің ортақ міндетіміз! Жеткіншектеріміздің жарқын болашағы үшін бірге еңбек етейік! [media=https://www.instagram.com/p/DC1WtVHI29e/?img_index=1]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив