25
май
2026
З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейінде спорттық-бұқаралық іс-шара өтті! Олимпиада күні қарсаңында Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы мен Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика федерациясының ұйымдастыруымен оқушылар арасы
З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейінде спорттық-бұқаралық іс-шара өтті!Олимпиада күні қарсаңында Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығы мен Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика федерациясының ұйымдастыруымен оқушылар арасында ауқымды спорттық іс-шара өткізілді.
Іс-шараға Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері, белгілі спортшылар қатысып, оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттап, спорттың маңыздылығы туралы тағылымды әңгімелер айтты. Батырбекова Салтанат баяндама оқып, оқушылармен спорт туралы викторина жүргізді. Спорт ойындарының қатысушысы, олимпиада чемпионы Хаширбаев Шерзод өз тәжірибесімен бөлісіп, оқушыларды кәсіби спортпен айналысуға шақырды. Қалалық Білім бөлімінің өкілі Назаров Сержан Асқарұлы оқушыларға сәттілік тілеп, олимпиада чемпионына көкейде жүрген сұрақтарын қоя алатынындарын жеткізді.
Мектебіміздің оқушылары белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл-күй мен спорттық рухты сезінді. Осындай шаралар жас ұрпақты жігерлендіріп, үлкен жетістіктерге жетелеуге ықпал етеді. [media=https://www.instagram.com/p/DYwXBunoKUZ/]