Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(8752) 56-31-58
(8752) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-маусым балаларды қорғау күніне орай “Алтын балалық шақ” декадасының жоспарына сәйкес “Отбасы аясында” тақырыбында фото сурет байқауы өтті.
03
июнь
2024

1-маусым балаларды қорғау күніне орай “Алтын балалық шақ” декадасының жоспарына сәйкес “Отбасы аясында” тақырыбында фото сурет байқауы өтті.


Бүгінгі тіршілік қуған қым-қуыт заманда көптеген құндылықтарымыз тасада қалып жатыр. Соның бірі бауыр еті баламызға сапалы уақыт бөлу екені жасырын емес. Мамандардың айтуынша, балада дұрыс тәрбие қалыптасуы үшін әсіресе бес жасқа дейін көңіл бөлудің орны ерекше. Өзім көпбалалы ана болғандықтан, әр балама мейлінше уақыт бөлуге тырысамын. Осы тұста баламен өткізген уақыттың ұзақтығы емес, сапасы маңызды екенін айтқым келеді. Себебі таңнан кешке дейін бала жанымызда жүре беруі мүмкін, ал барлық шаруаны ысырып қойып баламен уақыт өткізу басқа дүние.

Күні бойғы жұмыстан шаршауды бір сәтте ұмыттырып, көңілге қуаныш сыйлайтын балаларыма әркез асығамын. Бірі мектепте оқып-білгенін айтса, бірі балабақшада үйренгенін көрсетіп жарысады. Ана үшін балаларының жетістігінен асқан қуаныш бар ма!
Құрметті достар, аяулы аналар, қадірлі әріптестер! «AMANAT» партиясының «Балаңа уақыт арна!» /«Подари ребенку время!» атты үндеу-акциясын баршаңызға жолдаймын.
[media=https://www.instagram.com/p/C7v7uLONeFE/?img_index=1]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив