26
ноябрь
2024
“Стоп буллинг!”: Жоғары сынып оқушылары арасында маңызды іс-шара өтті
Мектебімізде “Стоп буллинг” тақырыбында ерекше тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында буллингтің зияны туралы түсінік қалыптастыру, бұл мәселеге қарсы тұрудың жолдарын көрсету және бір-біріне құрметпен қарауға үндеу.
Шара барысында оқушыларға буллингтің түрлері, оның жеке тұлғаға тигізетін психологиялық және эмоционалдық зардаптары туралы ақпарат берілді. Жан-жақты түсіндірмелермен қатар, арнайы көріністер қойылып, шынайы өмірден алынған мысалдар арқылы буллингтің қаншалықты қауіпті екенін сезіндіруге тырысты.
Кездесудің ең басты мақсаты – оқушыларды мейірімділікке, бір-бірін қолдауға және келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуге шақыру болды. Әрбір оқушының өмірі мен көңіл күйі ортақ ортаға әсер ететінін түсіндіру арқылы бірлесе жұмыс істеу маңыздылығы айтылды.
Буллингке “жоқ” деп айтайық! Әр бала өз құқығы мен қадірін сезіне алатын қауіпсіз орта құру – барлығымыздың ортақ міндетіміз. Мейірімділік пен түсіністік – жарқын болашақтың кілті! [media=https://www.instagram.com/p/DC1LEVkI3IS/?img_index=1]