23
май
2026
Мектебімізде жасөспірімдер арасында құқықтық және психологиялық сауаттылықты арттыру мақсатында 9-10 сынып оқушыларына арналған тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Мектебімізде жасөспірімдер арасында құқықтық және психологиялық сауаттылықты арттыру мақсатында 9-10 сынып оқушыларына арналған тағылымды кездесу ұйымдастырылды.Кездесуге прокурор Тастемир Болатбек Қуанышұлы қатысып, оқушылармен «Мектепке бейімделе алмау (дезадаптация) және құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында мазмұнды әңгіме жүргізді.
Кездесу барысында жасөспірімдердің психологиялық жай-күйі, қоршаған ортамен қарым-қатынасы, мектептегі тәртіп пен жауапкершілік мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың салдары, заң талаптарын сақтау және қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдаудың маңыздылығы айтылды.
Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық санасын қалыптастырып, өмірлік ұстанымдарының нығаюына оң әсер етеді. [media=https://www.instagram.com/p/DYooW7uCITx/?img_index=1]