30
ноябрь
2024
Кең ауқымды жаттығулар мен қызықты эстафеталар
2 “Вқ” сынып оқушыларымен «Кең ауқымды гимнастикалық жаттығулар» тақырыбында эстафеталық ойындар өтті. Сабақты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А. Минлибаева жоғары деңгейде ұйымдастырды.
Эстафеталық ойындар оқушылардың қозғалыс белсенділігін арттырып, ептілік пен жылдамдықты дамытуға бағытталды. Сабақ барысында балалар өзара жарысып, ұйымшылдық пен топтық жұмыс дағдыларын шыңдады. Жаттығулардың әртүрлілігі мен ойын түрінде өткізілуі оқушылардың қызығушылығын арттырды.
Белсенді сабақтар – денсаулық кепілі! Мұндай ойындар балалардың спортқа деген сүйіспеншілігін қалыптастырып, олардың дене дайындығын жақсартуға ықпал етеді.
Кішкентай чемпиондарымызға тек сәттілік тілейміз! 🏃♂️🤸♀️✨ [media=https://www.instagram.com/p/DDACUoRIa9q/]