Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Заманауи технологиялар – дене шынықтыру сабақтарының жаңа мүмкіндіктері!
26
ноябрь
2024

Заманауи технологиялар – дене шынықтыру сабақтарының жаңа мүмкіндіктері!



Мектебімізде дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті. Шараның басты тақырыбы – “Дене шынықтыру сабағында заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану” болды.

Семинар барысында мұғалімдер оқушылардың физикалық белсенділігін арттыру мен оқу үрдісін қызықты ету мақсатында цифрлық құралдарды қолдану тәсілдерімен танысты. Интерактивті жаттығулар, қадам өлшеуіштер мен бейнеанализ құралдары, сондай-ақ, цифрлық платформалар арқылы сабақ тиімділігін арттырудың жолдары қарастырылды.

Тәжірибелік бөлімде мұғалімдер технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың қозғалыс дағдыларын дамытуға арналған заманауи әдістерді іс жүзінде байқап көрді. Әр қатысушы өз тәжірибесімен бөлісіп, сабақты қызықты әрі мазмұнды етудің жаңа идеяларын алды.

Бұл семинар дене шынықтыру сабақтарын жаңғыртып, оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырудың тағы бір қадамы болды. Спорт пен технологияны үйлестіру – денсаулық пен білімнің жаңа деңгейі! [media=https://www.instagram.com/p/DC1k4LwoV8R/]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив