30
ноябрь
2024
Волейбол шеберлігі: допты төменнен беру техникасы
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Н. Мулькүбаев оқушылармен бірге «Волейбол ойынында допты төменнен беру» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар волейбол ойынының маңызды техникасын – допты төменнен беруді үйреніп, оны тәжірибеде қолданды. Әр жаттығу оқушылардың үйлесімді қозғалысын, дәлдігін және командалық жұмысқа деген қабілетін арттырды.
Белсенді әрі қызықты өткен сабақ оқушылардың спортқа деген сүйіспеншілігін оятып, ойын барысында өз шеберліктерін дамытуға мүмкіндік берді.
Волейбол – тек ойын ғана емес, ұйымшылдық пен тәртіп мектебі! 🏐💪✨ [media=https://www.instagram.com/p/DC_81F6I42m/]