30
ноябрь
2024
Гимнастика шеберлігі: 9 “З” сыныбымен ашық сабақ
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Б. Тазабеков 9 “З” сынып оқушыларымен «Гимнастикалық жаттығулар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар гимнастикалық элементтердің дұрыс орындалу техникасын меңгеріп, дене икемділігін арттыруға бағытталған түрлі жаттығуларды орындады. Бұл сабақ олардың дене дайындығын ғана емес, тепе-теңдікті сақтау және икемділік қабілеттерін де дамытты.
Оқушылардың белсенділігі мен сабаққа деген қызығушылығы жоғары деңгейде болды. Мұндай сабақтар денсаулықты нығайтып қана қоймай, салауатты өмір салтына деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.
Салауатты өмір – бақытты болашақтың кепілі! 💪✨ [media=https://www.instagram.com/p/DDAA_6soEKP/]