Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тоғызқұмалақ: ұлттық мұраның қыр-сырын үйрену!
27
ноябрь
2024

Тоғызқұмалақ: ұлттық мұраның қыр-сырын үйрену!


Мектебімізде тоғызқұмалақ үйірмесінің жетекшісі Мүлкібаев Нұрлан апталық аясында “Тоғызқұмалақ ойынының ережелері мен ерекшеліктері” тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында оқушылар ұлттық интеллектуалдық ойынның негізгі ережелерімен танысып, оның терең мағынасын түсінді. Тоғызқұмалақтың логикалық ойлау қабілетін дамытудағы маңызы, сондай-ақ, шыдамдылық пен зейінділікті арттыратын ерекше қасиеттері жан-жақты талқыланды.

Практикалық бөлімде қатысушылар ойынды тікелей тәжірибе арқылы меңгеріп, өз шеберліктерін сынады. Ұлттық ойынның заманауи форматта қайта жаңғырып, жас ұрпақтың қызығушылығын оятуы – бұл сабақтың басты жетістігі болды.

Тоғызқұмалақ – халқымыздың асыл қазынасы. Оны үйрену – тарих пен даналықты ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің бір жолы. Ұлттық мұрамызды бірге дәріптейік! 🏆✨ [media=https://www.instagram.com/p/DC3W_zRIQCo/]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив