16
декабрь
2024
Тәуелсіздік – ең қымбат қазынамыз!
Мектебімізде Тәуелсіздік күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылып, оқушылар өз өнерлерімен барша қауымды қуантты. Балалар жүрекжарды тақпақтарын оқып, хорда ән шырқады, мың бұрала билеп, өнерлерін ортаға салды.
🎤 Мектеп директоры Жанар Жорақызы барлық қатысушыларды құттықтап, Тәуелсіздіктің мәні мен маңызына ерекше тоқталып өтті:
“Тәуелсіздік – ата-бабамыздың асыл арманы, бүгінгі ұрпақтың асқақ мұраты. Біздің міндетіміз – осы қасиетті құндылықты мәңгілік сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу!”
🌟 Мерекелік шарада оқушылардың өнері мен патриоттық рухы көрермендерді ерекше әсерге бөледі. Бұл – еліміздің жарқын болашағына деген сенім мен үміттің айқын дәлелі!
🇰🇿 Тәуелсіз елдің ұрпағы – айбынды, қайсар, рухты!
[media=https://www.instagram.com/p/DDpgDCuo8oR/]