Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналарды педагогикалық қолдау: баланың білімге қызығушылығын қалай арттырамыз?
26
ноябрь
2024

Ата-аналарды педагогикалық қолдау: баланың білімге қызығушылығын қалай арттырамыз?



Бүгін бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары үшін маңызды жиналыс өтті. “Білімдіге дүние жарық. Таным қуанышы: баланың қызыға оқуына қалай көмектесеміз?” тақырыбында ұйымдастырылған бұл шара ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналды.

Жиналыс барысында ата-аналар баланың білімге деген қызығушылығын арттырудың тиімді тәсілдерімен танысты. Мұғалімдер балалардың оқуға ынтасын оятудағы ата-ананың рөлі мен қолдауының маңыздылығын атап өтті. Әңгіме кезінде күнделікті өмірде оқу процесін қолдау жолдары, баланы шабыттандыратын әрекеттер және мотивация тудыратын орта құру туралы пайдалы кеңестер берілді.

Ашық пікірталас форматында өткен кездесу ата-аналарға өз сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Олар бұл шарадан рухтанып, балаларының білім жолындағы табыстарын қолдауға жаңа көзқарас алды.

Мектеп пен ата-ана бірлесе жұмыс істегенде ғана баланың болашағы жарқын болмақ! [media=https://www.instagram.com/p/DC0-_kKocDB/?img_index=1]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив