Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
октябрь
2024

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!



Ел Президентінің ұстаздарды кәсіби мерекесімен арнайы құттықтауы, республикамыздың оқу-ағарту саласы қызметкерлеріне білдірілген айрықша құрметі деп сезіндім. Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбек пен
өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстың бағалануы - тұла бойыма үлкен шабыт сыйлап, құлшыныс берді, ерекше қуаныш сезімінде болдым.

Ұлт зиялысы Мағжан Жұмабаев «Алты алаштың басы қосылғанда ең мәртебелі орын ұстаздарға тиесілі» деген. Дәл осы, мазмұнды кездесу ұстаздың қадірін, мұғалім мәртебесін көтерген бірегей жиын болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табыстаған
“Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы” мәртебелі марапатты білім саласының жан-жақты дамуында тер төгіп жүрген жалпы №23 мектеп-лицейі ұжымының
ортақ жетістігі екендігін жеткізгім келеді.

Ақорда төріндегі ақжолтай марапаттан соң әлеуметтік желіде және жекеме келіп жатқан толассыз құттықтаулар мен ыстық ықыластарыңызға шынайы ризашылығымды білдіргім келеді!

Осы сәтте, еліміздің бас ұстазы Ғани Бектайұлы марапат иелеріне ерекше ілтипат білдіріп, әңгімелесу барысында ұстаздардың
басты міндеті - баланың рухани-адамгершілігі жоғары тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету екендігін жеткізді.

Ардақты ұстаздар!
Бүгінгі таңда, ұлттық тәрбие мен заманауи білімді бір-бірімен ұштастырып, білімді ұрпақ тәрбиелеу - Сіз бен бізге жүктелген абыройлы міндет!Баршаңызды кеше ғана өткен кәсіби мерекемен шын жүрегіммен құттықтап, қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарымыз арта бергей!

Қуанышты сәттеріміз көп болсын!

✍️ Ізгі ниетпен, №23 мектеп-лицейінің директоры, “Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы” - ТОЙЛЫБАЕВА ЖАНАР ЖОРАҚЫЗЫ.
[media=https://www.instagram.com/p/DA3m3ppNg1E/?img_index=1]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив