Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бүгін мектебімізде Ұстаздар күніне орай ерекше және әсерлі іс-шара өтт
05
октябрь
2024

Бүгін мектебімізде Ұстаздар күніне орай ерекше және әсерлі іс-шара өтт

Бүгін мектебімізде Ұстаздар күніне орай ерекше және әсерлі іс-шара өтті. Таңертең ертемен, оқушылар ұстаздарды мектептің кіреберісінде құшақ жая қарсы алды. Қолдарында әдемі гүл шоқтары мен ашық хаттар ұстап, әр ұстазды зор құрметпен қарсы алғандары жүрекке жылу сыйлады.

Сонымен қатар, біздің ұжымда “Ұстаздар аллеясы” атты керемет галерея ұйымдастырылды. Мұнда мектеп қабырғасында тер төгіп, жас ұрпақты тәрбиелеп жүрген ұстаздардың суреттері ілініп, олардың еңбектері ерекше құрметпен еске алынды.

Бұл ерекше күн ұстаздарға деген шексіз алғыспен, құрметпен басталды. Ұстаздар қауымын осылайша оқушылар қарсы алып, олардың еңбектерін ерекше атап өтуі – нағыз ризашылықтың көрінісі. Барша ұстаздарды Ұстаздар күнімен құттықтаймыз!
[media=https://www.instagram.com/p/DAs9tbFtPdu/]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив