03
октябрь
2024
Тілім менің- мақтанышым» тақырыбындағы айлық іс-шараға негізделіп, №23 мектеп- лицейінде 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Тіл тұғыры- ұлт ғұмыры» атты әдеби кеш өткізілді. Қазақ тілінің мәртебесін кө
Тілім менің- мақтанышым» тақырыбындағы айлық іс-шараға негізделіп, №23 мектеп- лицейінде 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Тіл тұғыры- ұлт ғұмыры» атты әдеби кеш өткізілді. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында өткізілген бұл кешке мектебіміздің білімді әрі өнерлі оқушылары белсене қатысты. Әсем ән мен мың бұралған бишілеріміздің қазақ биі көрермендерді тәнті етті. Домбыраның құлағында ойнайтын оқушыларымыз күмбірлете күй тартып, қазақ тілі туралы қызықты, заманауи қойылым көрсетті. Ұлт ұстазы –Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі мен әдебиеті үшін жасаған елеулі еңбектері көрермендерге таныстырылды. Қазақ тілінің маңыздылығы мен рөлі жоғарғы сынып оқушыларының түсірген вайндарында керемет көрініс тапты. Көркемсөз шеберлері ақындардың тіл туралы айтқан өлеңдерінен үзінділер оқыды. Комикстарға қазақша тіл бітіріп, қазақша сөйлеткен көрермендер үздік комикстар үшін сыйлықтарға ие болды. Кеш барысында қазақ тілінің мәртебесі, ана тіліміздің қадір-қасиеті насихатталды. Оқушылардың тілге деген құрметі артып, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тіліне деген қызығушылықтары байқалды. Бұл әдеби кеш қазақ тілінің байлығын, оның мәдениет пен өнердегі, өмірдегі орнын тағы бір дәлелдеп берді. [media=https://www.instagram.com/p/DAn8FTbNw-F/]