Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАНАР ЖОРАҚЫЗЫ - «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
06
октябрь
2024

ЖАНАР ЖОРАҚЫЗЫ - «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ



ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі ең үздік 23 мұғалімге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» медалін табыстады. Осы сапта, №23 мектеп-лицейінің директоры Тойлыбаева Жанар Жорақызы да бар.

Президент еліміздің түкпір-түкпірінен келген бір топ педагогқа білім саласындағы арнайы сыйлықтарды табыстап, аса жауапты міндетті абыроймен атқарып жүрген ұстаздарға алғыс айтып, мерекелерімен құттықтады.

«Мұғалімнің мәртебесі қашанда бәрінен биік. Барша жетістіктің бастауында ұстаз тұр. Ұлттың болашағы – ұстаздың қолында. Менің мақсатым – ұстазды қоғамымыздың басты кейіпкері ретінде дәріптеу. Себебі сіздер бала оқыту арқылы келешектің кірпішін қалайсыздар. Қазақстанның дамыған ел болуына зор үлес қосып жүрсіздер. Сіздердің табанды еңбектеріңіз ерекше құрмет пен жоғары марапатқа лайық», – деді Президент.

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтап, кәсіби жетістіктер мен шығармашылық табыстар тілейміз!
[media=https://www.instagram.com/p/DAxdHiANuYp/?img_index=1]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив