14
май
2026
15 мамыр — Халықаралық отбасы күніне арналған бағдарлама аясында мектебімізде “Отбасы құндылығы” тақырыбында тағылымы мол тренинг өткізілді.
15 мамыр — Халықаралық отбасы күніне арналған бағдарлама аясында мектебімізде “Отбасы құндылығы” тақырыбында тағылымы мол тренинг өткізілді.Іс-шараға Шымкент қаласының ПҚО директоры Баймуханбетова Мольдир Зайнуллаевна, ПҚО директорының орынбасары Толеген Жандаулет Айтуарұлы, Шымкент қаласы білім басқармасының “Қорғаншылық және қамқоршылық орталығының” директоры Пахымбетов Абай Сатыбалдиевич және Шымкент қаласы Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Наимбекова Айжан Избасхановна арнайы қатысып, отбасының қоғамдағы рөлі, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі мен отбасылық құндылықтардың маңызы туралы мазмұнды ой-пікірлерімен бөлісті.
Тренингке ата-аналар, оқушылар және мұғалімдер қатысып, өзара пікір алмасып, түрлі психологиялық жаттығулар мен тәрбиелік тапсырмалар орындады. Кездесу барысында отбасыдағы сыйластық, сенім, мейірім мен қолдаудың бала болашағына тигізер әсері кеңінен айтылды.
Тағылымды шара қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, отбасы бірлігінің маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Халықаралық отбасы күні құтты болсын! Әр шаңырақта татулық пен береке, қуаныш пен бақыт орнасын! [media=https://www.instagram.com/p/DYWnHhAodGC/]