17
май
2025
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, 15 мамыр – «Отбасы күні» мерекесімен орайластыра өткізілген “Абай әлемі – отбасы құндылығының темірқазығы” атты тағылымды іс-шара Арбат

Мектебіміздің оқушылары осы рухани-мәдени шара аясында ұлы ақынның шығармашылығына терең бойлап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз үлестерін қосты.
Атап айтқанда:
– «Терең ой» атты кітап көрмесінде Абай мұралары мен оның өмірі туралы тың деректер мен әдебиеттер ұсынылды;
– «Абай тағылымы» қолөнер көрмесінде ақынның қанатты сөздері мен даналық ойлары бейнеленген шығармашылық туындылар көпшілік назарына ұсынылды;
– «Абай сурет әлемінде» атты бұрышта жас суретшілер Абай шығармашылығына арнап салған төл туындыларын паш етті.
Шара ұлт руханиятын ұлықтап, өскелең ұрпақ бойына отбасылық құндылықтар мен Абай өнегесін сіңіруге бағытталды.
[media=https://www.instagram.com/p/DJtxZKhIobK/]