17
май
2025
Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай және 15 мамыр – «Отбасы күні» мерекесіне орайластыра ұйымдастырылған «Абай әлемі – отбасы құндылығының темірқазығы» атты тағылымды іс-шара Арбат Шымкент – Мәдениет пен дем

«Адам баласы – бір-біріне қонақ» деп, ізгілік пен татулықты дәріптеген дана Абайдың өнегесі – әр отбасының, әр ұрпақтың рухани негізіне айналған. Осыны негізге ала отырып, іс-шара отбасы мен руханиятты тоғыстырған мерекелік алаңға айналды.
Ауқымды шараға №23, 7, 18, 15, 29 мектептерінен:
• 826 оқушы,
• 240 ұстаз,
• 330 ата-ана қатысып, елдік құндылықтар мен отбасылық бірліктің маңызын айшықтады.
Іс-шара аясында:
• «Терең ой» атты кітап көрмесі арқылы Абайдың философиялық мұрасы насихатталды;
• «Абай тағылымы» атты қанатты сөздерге негізделген қолөнер көрмесі көрерменнің ерекше ықыласына бөленді;
• Абайдың жырларын мәнерлеп оқу сайысы – жас ұрпақтың сөз құдіретіне деген сүйіспеншілігін көрсетті;
• «Абай сурет әлемінде» атты көрмеде жас суретшілер ақын шығармаларын бейнелеу өнері арқылы жаңаша жеткізді;
• «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста!» атты әдеби кеш – Абай ілімін тереңнен таратып, рухани әлемге жол ашты;
• «Көзімнің қарасы» әнін 180 оқушыдан құралған хор шырқап, көрерменге ұмытылмас әсер сыйлады.
Шара соңында қонақтар мен мекеме басшыларының жүрекжарды құттықтаулары айтылып, Абай мұрасы мен отбасы құндылығының ажырамас байланысы тағы бір мәрте дәлелденді.
«Ата-анадан – ақыл, ұстаздан – өнеге, кітаптан – білім» демекші, Абай ілімі – әр отбасының, әр баланың шамшырағы болуға тиіс.
[media=https://www.instagram.com/p/DJr1BJVoZXV/]