21
ноябрь
2025
“Қыс – 2025” командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында мектебімізде жалпы мектепішілік сынып сағаттары өткізілді.

Сабақтар барысында оқушыларға төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережелері, өз-өзін ұстау тәртібі, алғашқы әрекеттер алгоритмі түсіндірілді. Мұғалімдер оқушылармен бірге қауіпті жағдайларда дұрыс шешім қабылдау, сабыр сақтау, қорғаныс шараларын орындау бойынша талқылау жұмыстарын жүргізді.
Бұл сынып сағаттары балалардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға дайын болуына бағытталды. https://www.instagram.com/p/DRUodQIiHDc/?img_index=1