01
февраль
2025
№23 мектеп-лицейінде кәсіптік бағдар беру бойынша кездесу өтті

З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейінде кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында Манап Өтебаев атындағы Жоғары Жаңа Технологиялар колледжінің өкілі Раушан Маратқызымен түсіндірме кездесуі өтті.
Кездесу барысында:
✅ Колледждің құрылымы мен мүмкіндіктері таныстырылды;
✅ Оқуға қабылдау тәртібі мен талаптары түсіндірілді;
✅ Студенттердің оқу және тұрмыс жағдайлары туралы толық ақпарат берілді.
Бұл кездесу оқушылар үшін өте маңызды әрі пайдалы болды. Себебі, мамандық таңдау – әр адамның өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Осындай кездесулер оқушыларға болашақ кәсібін дұрыс таңдап, өзін-өзі анықтауға көмектесетіні сөзсіз.
Болашағыңды бүгіннен баста![media=https://www.instagram.com/p/DFiKIRgoq7b/?img_index=1]