Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🌟 Буллингтің алдын алу – басты міндет!
15
январь
2025

🌟 Буллингтің алдын алу – басты міндет!


📌 Зоя Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейінде маңызды профилактикалық кездесу өтті. Оған Шымкент ҚПД Тұран АПБ-ның қызметкерлері мен мектеп әкімшілігі қатысты.

🔍 Тақырыбы:
«Кәмелетке толмаған балалар арасындағы буллингтің алдын алу»

Жиналыс барысы:
1️⃣ Шымкент полиция майоры М.Саятов буллингтің қоғамдағы түрлерін, оның алдын алу әдістерін және балаларға тигізетін теріс ықпалдарын түсіндірді. Ол жол ережелерін бұзу немесе денсаулыққа зиян келтіретін әрекеттердің құқықтық салдары туралы да баяндады.

2️⃣ Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.К.Абдукаримов мектепішілік ережелерге тоқталып, оқушылардың тәртібі мен міндеттерін еске салды. Мектеп формасын сақтау және тыйым салынған заттарды әкелмеу туралы ақпарат берілді.

Қабылданған қаулылар:
✔️ Оқушыларға Қазақстан Республикасының құқық бұзушылықтарға қатысты заңдары түсіндірілді.
✔️ Мектеп оқушыларының жол ережесін сақтау және буллингті болдырмау мақсатындағы ережелері нақты жеткізілді.

🌟 Бұл кездесу – мектеп оқушыларына жауапкершілік пен тәртіптің маңыздылығын ұғындыруға бағытталған маңызды шара. Осындай басқосулар балалардың қауіпсіз және сыйластық ортада білім алуына үлкен үлес қосады.
[media=https://www.instagram.com/p/DE2bOd-t0Qn/?img_index=1]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив