13
апрель
2025
Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті

11 сәуір күні мектебімізде жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиын барысында маңызды мәселелер талқыланып, ата-аналарға қажетті ақпараттар ұсынылды.
🗂 Күн тәртібіндегі мәселелер:
🔹 “Сенім арту – жетістік кепілі” тақырыбында және мектептің ішкі тәртіп ережелері жөнінде — мектеп директоры Жанар Жорақызы кеңінен түсіндіріп өтті.
🔹 7-сынып оқушыларының профилизациясы бойынша түсіндірме жұмыстарын директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасарлары Забира Жұмаділқызы мен Вера Михайловна жүргізді.
🔹 Психологиялық қолдау орталығының қызметі туралы — педагог-психологтардың әдіскері Данара Бековна толық ақпарат берді.
🔹 Антибуллинг жобасы бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстарын мектеп психологы Динара Ануаровна ұсынды.
📝 Жиналыс барысында ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, мектеп пен ата-аналар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ұсыныстар талқыланды.
🤝 Бала тәрбиесінде мектеп пен ата-ананың бірлескен жұмысы — жетістік кепілі екендігі тағы бір мәрте айқындалды! [media=https://www.instagram.com/p/DIT_4MGIcJG/]