Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
январь
2025

ҰЛТТЫҚ ОЙЫН – ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ


ҚР ОМ-да “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында қаңтар айының үшінші аптасында үзіліс уақыттары ерекше ұлттық ойындармен жанданды.

Оқушылар арасында тоғызқұмалақ, ханталапай, қол күрес сияқты қазақтың ұлттық ойындары ұйымдастырылып, білім ордасының дәстүрге деген құрметі айқын көрінді. Бұл шараның басты мақсаты – оқушыларды ата-бабадан қалған асыл мұралармен таныстырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Шара барысында балалар өз шеберліктерін көрсетіп, достық пен жарыс рухын сезінді. Әрбір ойынға қатысушылардың көзінен жеңіске деген құлшыныс пен ұлттық мұраға деген сүйіспеншілікті байқауға болатын еді. Тоғызқұмалақ тақтасының басында терең ойға батқан балалар, ханталапайда ептілік танытқан жасөспірімдер, қол күресте күш сынасқан батыл ұландар ерекше әсер қалдырды.

Осындай шаралар арқылы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, болашақ ұрпақтың бойына рухани мұраның дәнін егу – біздің басты мақсатымыз.[media=https://www.instagram.com/p/DFFLg7sILAM/?img_index=1]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив