Тәуелсіздік – ең қымбат қазынамыз!
Мектебімізде Тәуелсіздік күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылып, оқушылар өз өнерлерімен барша қауымды қуантты. Балалар жүрекжарды тақпақтарын оқып, хорда ән шырқады, мың бұрала билеп, өнерлерін ортаға салды. 🎤 Мектеп директоры Жанар Жорақызы барлық қатысушыларды құттықтап, Тәуелсіздіктің мәні мен маңызына ерекше тоқталып өтті: “Тәуелсіздік – ата-бабамыздың асыл арманы, бүгінгі ұрпақтың асқақ мұраты. Біздің міндетіміз – осы қасиетті құндылықты мәңгілік сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу!” 🌟