Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
декабрь
2024

3 «Ж» сынып ата-аналар жиналысы


3 «Ж» сыныбында ата-аналармен ерекше жиналыс өтті. Кездесуді ұйымдастырған сынып жетекшісі А.Ауелбекова ата-аналар үшін қызықты әрі әсерлі шаралар дайындады.

Жиналыс барысында:
• ата-аналар ерекше қарсы алынып, балалардың алдын-ала жазған жүрекжарды хаттарын оқып, үлкен әсер алды;
• түрлі ойындар ойнап, балаларымен қарым-қатынасты нығайтуға арналған жағымды тәжірибелермен бөлісті;
• сауалнамалар толтырылып, ата-аналар өз пікірлерін ортаға салды.

Жиналыс жылы әрі достық атмосферада өтті. Мұндай шаралар ата-аналардың балаларына деген сүйіспеншілігін күшейтіп, оларды жақсырақ түсінуге көмектеседі.

А.Ауелбековаға ұйымдастырылған мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор жиналыс үшін алғысымызды білдіреміз! Балалар мен ата-аналар арасындағы осындай берік байланыс олардың дамуына зор үлес қосады. [media=https://www.instagram.com/p/DDPLppNI1w0/]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив