Шымкент қаласының білім басқармасының
«З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі»
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
(87252) 95-47-39
(87252) 56-26-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Желтоқсан ақиқаты” қозғалысының батырларымен кездесу.
18
декабрь
2024

“Желтоқсан ақиқаты” қозғалысының батырларымен кездесу.


Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Абдукаримов пен мектеп Парламентінің премьер-министрі Алиайдар Жания Шымкент қалалық “Желтоқсан ақиқаты” патриоттық қозғалысы РҚБ филиалы ұйымдастырған желтоқсаншылармен кездесуге қатысты.

Кездесуге желтоқсан оқиғасының куәгерлері, еліміздің нағыз батырлары жиналды. Қозғалыс төрағасы Оспанова Гүлмира Болатқызы бастаған кездесуге мына азаматтар қатысты:
• Төраға орынбасары: Бекботаев Нұржан Өктемұлы
• Төраға орынбасары: Толықбек Гүлсім Аманқызы
• Ермаханов Балабек Нысанбекұлы
• Нұркеев Дүйсехан Сағынтайұлы
• Қарауылқызы Гүлсім
• Тұртбаева Күлжархын Қадырқұлқызы
• Полковник: Омбаев Серікбай Мейірбайұлы

Желтоқсаншылар сол бір тарихи сәттердің естеліктерімен бөлісіп, жастарға патриотизм, елді сүю және азаттықтың құнын ұғыну жайлы терең ой салды. Оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тарихтың тірі куәгерлерінің тағылымды әңгімелерін тыңдады.

Бұл кездесу — Тәуелсіздік үшін күрескен батырларымызға деген құрметіміздің көрінісі. Ұрпақ пен аға буын арасындағы алтын көпір орнап, оқушылар өткеннің өнегесін бойларына сіңіріп қайтты.

Тәуелсіздік — ұрпаққа аманат, Желтоқсан — мәңгілік рух!
[media=https://www.instagram.com/p/DDuIsrPIexg/?img_index=1]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив