14
май
2024
“Ана - тіршілік тірегі” челленджі

«Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Мектеп оқушыларының “Ана - тіршілік тірегі” челленджі аясында әсірлеген видеоларын назарларыңызға ұсынамыз.[media=https://www.instagram.com/p/C66xHggtwEb/?img_index=1]