15
май
2024
“Ана мен бала” фотокөрмесі ұйымдастырылды

№23 мектеп-лицейінде “Ана мен бала” фотокөрмесі ұйымдастырылды. Суреттер арқылы балалар өздерінің анаға деген шынайы сүйіспеншілігін көрсетуге тырысты. 30- дан аса оқушының қолынан шыққан суреттерден ананың балаға деген махаббатын байқау қиын емес.
Іс-шараның мақсаты - анаға деген құрметті арттыру. Бұл суреттер сол балалардың ыстық ықыласын айшықтап тұр. Суреттер көрмесі жарыс емес. Өйткені әр бала анасын өзінше елестетеді, жақсы көреді.
[media=https://www.instagram.com/p/C6_j8CNtEbL/?img_index=1]
[media=https://www.instagram.com/p/C6_kTADtgkv/?img_index=1]