14
май
2024
Дөңгелек үстел

№23 мектеп-лицейінде «Ана тәрбиесінің жеке тұлғаны қалыптастыруға әсері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Тәрбие үдерісінде тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» бір — бірімен тығыз байланыста дамиды. Даму дегеніміз, ең алдымен адам ағзасындағы физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер. Бұл өзгерістер белгілі бір әлеуметтік ортада болады. Адам биологиялық жанды зат ретінде дүниеге келеді де, ол даму үрдісінде әлеуметтік қызметтерді (өмірге, адамдарға, еңбекке, тұтастай қоғамға қатысты, т.б.) атқару арқылы ғана тұлға болып қалыптасады.
Дөңгелек үстел басында оқушылар тәрбиенің өзегі- отбасы, ата-ана тақырыптарын терең қозғап, пікірлерін ортаға салды.
[media=https://www.instagram.com/p/C67vlPKo_gL/?img_index=1]