09
май
2024
Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді Ұлы жеңістің 79 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз.
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Отан үшін жанын қиған жауынгерлерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің теңдессіз батылдығы, табандылығы, борышқа адалдығы және Отанға деген махаббаты үшін бас иіп, құрмет көрсетеміз! Себебі, бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі осынау қаһармандар ерлігінің жемісі.
Бүгінгі ашық аспан бейбіт өмір үшін кейінгі ұрпақ оларға мәңгіге қарыздар. Ұлы Жеңіс туралы естелік мәңгі біздің жүрегімізде қалады.
Қадірлі соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, қазақстандықтар, сіздерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!
✍️ Ізетпен, №23 мектеп-лицейінің ұжымы
[media=https://www.instagram.com/p/C6vFrE2NScX/]