15
сентябрь
2024
№23 мектеп-лицейінде 2024-2025 оқу жылының алғашқы ата-аналар жиналысы өтті.

Күн тәртібінде қарастырылған негізгі мәселелер:
1. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасымен таныстыру
2. Мектепішілік тәртіп ережелері
3.Әр түрлі мәселелер (бірыңғай міндетті мектеп формасы, мектепішілік үйірмелер, т.б.)
4.Жасөспірімдер арасындағы құқыбұзушылық және зиянды әдеттердің алдын-алу
Ата-аналар жиналысының басты мақсаты – ата- ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын қалыптастыру, ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын орнату және ата-аналарды жаңа оқу жылының ерекшеліктерімен таныстыра отырып, мектеп өміріне белсене араластыру.
Мектеп директоры Жанар Жорақызы жиналысты ашып, жаңа оқу жылында ендірілген өзгерістерді және мектептің алға қойған мақсат, міндеттерімен ата-аналарды таныстырып өтті.
Жиналыс соңында ағымдағы мәселелер бойынша ата-аналармен пікір алмасу болып, қорытынды жасалды.
[media=https://www.instagram.com/p/C_58EpGtLso/]