02
январь
2025
Құрметті оқушылар, ата-аналар, ардақты ұстаздар және барша қазақстандықтар!
Жаңа жыл – өткенді саралап, жаңа белестерге қадам басатын ерекше кезең. Осы бір айтулы сәтте сіздерді 2025 жылдың табалдырығын бірге аттағанымызбен шын жүректен құттықтаймын!
Өтіп бара жатқан жыл әрқайсымыз үшін ізгі істерге, елеулі жетістіктерге толы болды. Біздің мектебіміз бен ұжымымыз үшін де бұл жыл білімге құштар, болашағына нық сеніммен қарайтын жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы жаңа жетістіктерге толы болды.
Құрметті ата-аналар, сіздердің қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз бізге әрдайым күш-қуат береді. Ұстаздар қауымына шәкірттерге сапалы білім мен тәрбие беру жолындағы тынымсыз еңбектері үшін алғыс айтамын. Ал, сүйікті оқушыларымыз – біздің мақтанышымыз, жарқын болашағымыз!
Жаңа 2025 жыл әр шаңыраққа шаттық, құт-береке, мол табыс әкелсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын! Алда тұрған үлкен мақсаттарға бірге қол жеткізіп, табысты болайық!
Жаңа жылдарыңызбен!
Ізгі тілекпен,
Жанар Жорақызы! [media=https://www.instagram.com/p/DEU9q6WozNz/]