23
май
2025
“Мектебім, саған мың алғыс!”

Бүгін мектебімізде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Мектебім, саған мың алғыс!» атты әсерлі іс-шара өтті. Бұл – түлектердің алтын ұя мектебіне деген шексіз ризашылығын білдіретін ерекше күн.
2024-2025 оқу жылында мектебімізді 308 түлек аяқтап отыр.
Олардың ішінде:
– 10 оқушы — «Алтын белгі» иегері,
– 14 оқушы — Үздік аттестат иегері атанып, мектебіміздің мерейін үстем етті.
Іс-шара барысында түлектер ұстаздарына алғыс айтып, жүрекжарды тілектерін білдірді. Мектеп ұжымы жас түлектерге сәттілік тілеп, үлкен өмірге ақ жол тіледі.
Қымбатты түлектер!
Сіздердің жарқын болашақтарыңыз – біздің ең үлкен үмітіміз!
Ұстаздар аманатына адал болып, ел сенімін ақтайсыздар деп сенеміз!
Ақ жол, жас түлек! [media=https://www.instagram.com/p/DJ_lIj3IRbz/]